Казкоммерцбанктің пластикалық карточкаларында қазақстандық қылқалам шеберлерінің көркемсурет көріністері пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Казкоммерцбанктің пластикалық карточкаларында қазақстандық қылқалам шеберлерінің көркемсурет көріністері пайда болды

Казкоммерцбанктің пластикалық карточкаларында қазақстандық қылқалам шеберлерінің көркемсурет көріністері пайда болды

Казкоммерцбанк Visa Classic, Master Card және Cirrus Maestro төлем карточкаларын жаңа дизайнмен шығарды. Төлем құралының бұл сериясында Қазақстан көркемсурет өнерінің классиктері Молдахмет Кеңбаевтың ("Әңгіме" 1957), Камиль Шаяхметовтың (Талтүс, 1959), Әбдірашит Сыдыхановтың (Айтыс, 1969) танымал картиналарының көріністері бейнелеген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Маусым 2005
  • 753
Фото - Caravan.kz

Жаңа сериялы карточкаларды банк Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражаймен ынтымақтастық негізінде шығарды. Мұражай банктің осы жөніндегі идеясын қызу қолдап, мұражайдың негізгі экспозицияларын, қоймалары мен ұлттық мақтанышқа саналатын туындыларды жобада пайдалануға мүмкіндік берді.

«Казкоммерцбанктің жаңаша дизайны бар төлем карточкалары жоғары технологиялар мен озық өнердің үйлесімді сабақтастығына мысал бола алады»,- дейді мұражай директоры Байтұрсын Омарбеков.
Казкоммерцбанк осынау қаржылық құралды Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдың бірегей жинақтарының мүддесі үшін, қазақстандық көркемсурет өнерін насихатап таныту және Қазақстанды жазбай танитын образ қалыптастыру үшін пайдалануға шешім қабылдады.
«Суреттерде пайдаланылған сюжеттер еліміздің жағрафиялық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, халықтың рухы мен тұрмыс-тіршілік үрдістерінен айқын хабар береді. Демек, төлем карточкалары төлем құралы міндетін атқарып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанды танытушы құралға айналып отыр. Өйткені, банк клиенттері оларды шетелдерде мейманханалар, дүкендер мен туристік компаниялармен есеп айырысу барысында белсенді пайдаланады»,- дейді банк басқармаларының төрайымы Нина Жүсіпова.
Казкоммерцбанк Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражаймен бірлесіп басқа да жобаларды жүзеге асырмақшы. Мәселен қазір «Қазақстандағы қолданбалы өнер» атты CD шығару туралы жоба талқылануда. Сонымен бірге банк мұражай коллекциясынан Евгений Сидоркиннің графикасын пайдалану арқылы «Gold» карточкаларының топтамасын шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Казкоммерцбанк Visa International және Master Card International халықаралық төлем жүйелері карточкаларын шығарумен бірге American Express және Diners Club International карточкаларын таратады. 2005-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен Казкоммерцбанк 345 мыңнан астам карточка шығарды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда өсім 26 процентті құрады.

Перейти к новостям спорта