«КазРосИнвестпроект» құрылтайшысы - ағылшын тілінің мұғалімі! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«КазРосИнвестпроект»  құрылтайшысы - ағылшын тілінің мұғалімі!

«КазРосИнвестпроект» құрылтайшысы - ағылшын тілінің мұғалімі!

Қаржы пирамидасынан зардап шеккен көкшетаулықтардан маза кетті. «КазРосИнвестпроект» серіктестігіне мыңдаған ақша салған олар жергілікті құқық қорғау органдарына шағым түсіруден жалығар емес. Естеріңізге салсақ, кеше  аталмыш ұйым құрылтайшысы Бақыт Әділова қамауға алынған. Әйгілі Мавроди ізбасарларының Көкшетауға қалай тап болғанын біздің тілшіміз Айзат Тұрғынбекқызы анықтап көрді. 

  • 4 Маусым 2011
  • 654
Фото - Caravan.kz

Сонау 90-шы жылдары 15 миллион Ресей азаматын қаржы шырмауына шырмап, қарапайым халықтың ақшасын иемденіпәйгілі болған Сергей Мавродитаяуда ғаламторда өз ісін қайта жандандыратыны жайлы хабарлаған болатын. Ол тіпті, жаңа шаруасына қазақстандықтарды тартатынын мәлімдеген. Көкшетаулық «КазРосИнвестпроектің» Мавродимен байланысы әзірге белгісіз, дегенмен салымшылар ақшасын аз мерзімде еселеп беруді қолға алған «Миллионерлер клубының» әйгілі «МММ-нің» жолымен жүргені анық. Небәрі үшайдың ішінде 20 мың адамның сеніміне кіріп үлгірген   ұйымның бас-қасында болған қандай адамдар? Біз осы сұраққа жауап іздеп, абақтыға қамалған Бақыт Әділованың жақындарымен кездестік. Ең қызығы, олардың айтуынша, «керемет қаржыгерге» айналған Бақыттың бұл салаға қатысты ешқандай білімі жоқ. Ол қатардағы оқытушы, төрт баланың анасы. Қызының  бұлыңғыр шаруаға қалай араласқанын шешесі де білмейді.

Гүлзайра Мәлікова, Бақыттың анасы:

— «Мама, мені холдингке директор етіп қойып жатыр, сүйінші!» деді. Баласының өскеніне қай ана қуанбайды? Қандай нәрсе екенін атымен білген жоқпын. Институттың ағылшын тілі факультетін бітірген, 20 жылдан аса  Көкшетауда ағылшын тілінен сабақ берді.

Ағылшын тілін жетік білуі де Бақыттың  «пирамиданы» шетелдіктермен бірлесіп ашуына септігін тигізсе керек. Бірақ Әділова серіктестерінің кім екені әзірге беймәлім. Оның белсенді көмекшілерінің бірі – Маржан Мұқанова. Ол осыдан  төрт жыл бұрын Красный Яр ауылдық округі әкімдігінде қызмет істеген. Соңғы жылдары желілік маркетингпен айналысып жүріп, Бақыт Әділовамен танысқанын айтады. Бірлескен жұмыстың нәтижесі: Әділова- “КазРосИнвестпроектің” құрылтайшысы, Мұқанова – директоры.


Маржан Мұқанова, «Каз
РосИнвестпроект»ЖШС-нің директоры:

— Органдарда жұмыс істейтін адамдар бізді бір ақша басып шығаратын зауыт  деп ойлайды, олай емес. Біз қарызға аламыз да, көбейтеміз. Сол күні мынандай жағдай болды: Қайрат Жамашев деген азамат бірнеше рет келді, ол бұрын органда істеген, ақшасын алдын ала алғысы келді. Меніңше, осы жағдай сондайлармен байланысты.

Маржан Мұқанова «судан таза, сүттен ақпыз» деуден жалықпайды. Соның бір айғағы ретінде қайырымдықпен айналысқандарын айтады.

Науқас балаларға көмек көрсеткен Бақыт Әділоватіптіресейлік «Милосердие» фестивалінде арнайы марапатқа ие болыпты. 

Владимир Дикин, Көкшетау қаласындағы  «Правила» продюсерлік орталығының директоры:

— Бұл орден БҰҰ-ның халықаралық қайырымдылық альянсінікі. Кез келген адамға беріле бермейді.

Мавроди ізбасарының қанша «қайырымды» болғанына қарамастан, салымшыларды оның тағдырынан гөрі қаржыларының тағдыры алаңдататыны белгілі. Қазірдің өзінде Ішкі істер департаменті күдікті ұйымнан небәрі 41 миллион теңге тәркілеген.  Ал салымшылардың есебінше, «Миллионерлер клубы» оларға 3 миллиард теңгеден астам ақша қарыз.

Соңғы жаңалықтар