«Казросинвестпроект» жаңа кеңсеге көшіп, халық сенімін жаулай түсуде! - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Казросинвестпроект» жаңа кеңсеге көшіп, халық сенімін жаулай түсуде!

«Казросинвестпроект» жаңа кеңсеге көшіп, халық сенімін жаулай түсуде!

Көкшетауда «Миллионерлер клубы» деп танылған «Казросинвестпроект» ұйымы жаңа кеңсеге көшті. Серіктестік директоры Маржан Мұқановаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрсе де, ол салымшылардың өтініштерін әлі қабылдауда. Несие ұйымына салған ақшаларын қайтаруға үмітті 20 мыңнан астам адам енді тәртіп сақшыларына емес, Мұқановаға келіп жатыр. Бас құрылтайшысы қамауға алынып, қаржы да, құжат та тәркіленгеніне қарап жатқан халық жоқ.

  • 8 Маусым 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Салымшы:

— Бізге Бақытты босату керек – болды, басқа ештеңенің керегі жоқ. Босатқанда ақшаны қайтып беру керек қой, ол отырғанда не болады, бүкіл адамның ақшасы қалып қойды. Ана жерге отырғызып қойып, талап етеміз ғой, ақшаны қайтару үшін.

— Қазір кімге өтініш жазып жатырсыздар?

— Құдайға өтініш жазып жатырмыз, кімге жазамыз?! Отырған адамға қай жаққа өтініш жазамыз? Шығару керек, талап етеміз!

Жаңа кеңсеге орын қаланың шетінен таңдалып алыныпты. Есікке “Ақшаларыңызды қайтару жөнінде Мұқанованың атына өтініш жазыңыздар” деген хабарландыру да іліп қойған. Бірақ хабарды естіп осында келген салымшыларды күзетшілер ішке кіргізер емес. Маржан Мұқанованың өзімен біздің тілшілер де тілдесе алмады. Десе дежұрт мекеменің жаңа жерге ауысуын жақсылыққа жориды. Прокуратура болса, фирманың халыққа қайтаратын «көк тиыныжоқ» деп отыр. Өйткені қаржы пирамида негізінде жиналғандықтан, яғни, ешқандай кесілім-шартсыз алғашқы салымшыларға кейінгілері салған ақшаны таратып беріп отырғандықтан- есеп-шот та ашылмаған екен.


Марат Мағжанов, Ақмола облысы прокурорының орынбасары
:

— Олар тіпті салымшылармен келісім-шарт жасаспаған. Серіктестіктің  әрбір салымшыға қанша қарыз екені еш жерде көрсетілмеген. Сондықтан салымшылардың неге әлі күнге дейін сеніп жүргені белгісіз. Мұқанованың өз ақшасы болып жатсатаратып берсін. Бірақ ол тергеу амалдары кезінде «ақшам жоқ»деді.

Соңғы жаңалықтар