"KazSat-2" ұшырылымын 16 шілдеге қараған түні Тwitter-ден көруге болады
![]() |
Шілденің 15-інен 16-сына қараған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасығышының ұшырылымының Тwitter-таралымы өтеді, зымырантасығыш қазақстандық «KazSat-2»спутнигін орбитаға шығарады. |
«Шілденің 15-інен 16-сына қараған түні қазақстандық «KazSat-2»спутнигінің твиттер-таралымы өтеді», - деп жазыпты ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-дегі парақшасына.
Үкімет басшысы сайтының хабарлауынша, ұшыру кезінде қазақстандық танымал блоггерлер Байқоңыр ғарыш айлағында болып, «KazSat-2» спутнигінің ұшырылымын бақылап, ҚР премьер-министрінің ресми сайтындағы арнайы парақша арқылы алған әсерлерімен бөлісіп отырады.
Интернет-пайдаланушылар жаңа түскен жаңалықтарды оқып, спутниктің ұшырылымынан түсірілген фотосуреттерді қарап, блоггерлермен пікір алмаса алады.
Пікірталасқа қатысушылардың ең қызықты пікірлері мен сұрақтары К. Мәсімов сайтының арнайы парақшасы арқылы таратылатын #kzs2 хэштегімен хабарлар таспасына түседі.
KazSat-2 аппараты Қазақстан аумағында, Орталық Азия елдерінде, Ресейдің орталық бөлігінде телехабар таратуды және KazSat спутниктік байланыс жүйесінде мәліметтер жеткізуді қамтамасыз етуге және қазақстандық спутниктік байланыс операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
KazSat-2-ні жасау барысында заманауи техникалық шешімдер пайдаланылып, ғарыш аппаратының белгіленген қасиеттері мен сенімділіктің қажет деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін борт жүйелері модернизацияланды.
KazSat-2 шағын ғарыш аппараттарға жатады: спутниктің салмағы 1272 кг құрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін