KazSat-2 жер серігі Байқоңырдан 16-шілдеде ұшырылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KazSat-2 жер серігі Байқоңырдан 16-шілдеде ұшырылатын болды

KazSat-2 жер серігі Байқоңырдан 16-шілдеде ұшырылатын болды

Байқоңырдан KazSat-2 жер серігін ұшыру мерзімі тағы бір күнге кейінге ысырылды. Қазақстандық жер серігі 16-шілде күні сағат 03:16-да (мск) ұшырылады, деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ғарыш кешеніндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 27 Маусым 2011
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін KazSat-2 жер серігін американдық SES-3 (OS-2) спутнигімен бірге 15-шілдеде ұшыру жоспарланған болатын.

Бірақ ол ұшыру мерзімінің кейінге ысырылу себебін білмейді. «Оған ықпал ететіндей техникалық себеп жоқ сияқты. Бәрі кесте бойынша жүргізілді, американдық жер серігінің де ақауы жоқ. Мүмкін жұмыс кестесін VIP-тұлғалардың кестесіне қарай ауыстырып жатқан шығар», — дейді ақпарат көзі.
Американдық SES-3 (OS-2) жер серігін SES Americom компаниясының тапсырысы бойынша Orbital Sciences Corporation әзірлеген. Салмағы үш тоннадан асатын спутник С-жиіліктегі 24 транспондер мен Ku-жиілігіндегі 24 транспондер орнатылған. Ол геостационарлық орбитада кем дегенде 15 жыл жұмыс істеуі тиіс. Спутник Солтүстік және Оңтүстік Америка халқына телекоммуникациялық қызмет көрсетуге негізделген.
«ҚазСат-2» телекоммуникациялық жер серігін Мәскеудегі М.Хруничев атындағы орталық жасап шығарды. Ғарыш аппараты 20 ретранслятормен жабдықталған. Салмағы 1330 келіге жуықтайды. Орбитада 12 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған спутник Орталық Азия мен Ресейдің орталық бөлігіне қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар