«Егер еліміздің тұңғыш жер серігін жасауға 55 млн. доллар жұмсалған болса, техникалық параметрлері біршама жақсартылған екінші жер серігін жасау 115 млн. долларға түспекші»,- деді Ғ.Мырзақұлов «Қазақстанда ғылымның басым даму бағыттарын анықтау және ғылыми әлеуетті бағалау» атты халықаралық форум аясындағы брифингте.
Оның айтуынша, бұл — «дүниежүзінде бар шағын ғарыштық аппараттардың орташа құны».
«Жуырда Қазақстанның екінші жер серігін жасауға дайындық жұмыстарына бағытталған байқау процедуралары аяқталды. Байқауда «М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» жеңіске жетті»,- деді ол.
«Олар бұл мәселеге қатысты жақсы сабақтастық сақтап қалды. Ойдағыдай техникалық сипаттамаларды қамтамасыз етті, сондай-ақ, компания лайықты баға ұсынды. Олар сондай-ақ орбитада еліміздің ойынан шығатындай орынды ұсынып отыр»,- деді Ғ.Мырзақұлов.
«Жер сірігін 2009-жылға дейін жасап шығару жөніндегі уағдалы мерзімде жұмыстар аяқталады», дегенге маман сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті