KazSat-2 жобасы жұмсалған шығынды 2015 жылы ақтайды – Қазғарыш - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KazSat-2 жобасы жұмсалған шығынды 2015 жылы ақтайды – Қазғарыш

KazSat-2 жобасы жұмсалған шығынды 2015 жылы ақтайды – Қазғарыш

KazSat-2 жобасы жұмсалған шығынды 2015 жылы ақтайды, деп мәлім етті «Литер» газетіне Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

  • 19 Шiлде 2011
  • 905
Фото - Caravan.kz

«БізKazSat-2 кем дегенде 12 жыл жұмыс істейді деп есептедік. Сондықтан шығындарды ақтау мерзімі – төрт жылға жуық. Демек, 2015 жылдың жазында ол шығындарды толығымен ақтап, мемлекеттің қазынасын толтыра бастайды», — дейді М. Молдабеков.

Оның айтуынша, KazSat-2 –коммерциялық жоба. Байланыс спутниктері – өздерін үш есе ақтап үлгеретін жоғары кіріс әкелетін ғарыштық жобалар.

Ғарыш агенттігі өкілінің мәліметтеріне сәйкес, қазақстандық байланыс операторлары спутниктерді жалға алғаны үшін жыл сайын $34 млн төлейді, егер бұл қаржы бұрын шетелдік компанияларға төленсе, енді ондай қажеттілік жоқ.

«Сәйкесінше, біз қазір бұл сомаларды өзіміздің ғарыш индустриямызды, өзіміздің байланысымызды дамытуға шығындауды жоспарлай аламыз. KazSat-2-ден келетін тікелей пайда — осы. Біздің спутниктің бірінші кезектегі міндеті де осы», — деді агенттік төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, екінші міндеті – қазақстандықтарды байланыспен және тұрақты телевизиялық сигналмен қамтамасыз ету. «Мен сіздерге айтайын: теледидар көру мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар бар. Бұл дұрыс емес. Сондықтан да біз енді бұл проблема шешімін тапты деп мақтанышпен айта аламыз. Бұған қоса, біздің сигнал Қазақстан аумағына ғана емес, көрші елдерге де жетеді. Оны Ресейде, Қытайдың солтүстік бөлігінде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Каспийдің ар жағында ұстауға болады», — дейді Қазғарыш өкілі.

Ол KazSat-2 жобасына $115 млн жұмсалғанын еске салды, оның пікірінше, «ғарыш тұрғысынан алғанда, бұл қымбат емес». Сондай-ақ, ол Қазғарыш спутниктерді жасау мәселесі бойынша ресейлік компаниялармен ынтымақтастықты жалғастыратынын атап көрсетті.

«KazSat-3-ке келісімшарт жасалды, оны красноярлық «Информационные спутниковые системы имени академика М. Ф. Решетнева»компаниясы құрастырады.Бұл ұйым аталған салада 50 жыл бойы жұмыс істеп келеді, тәжірибесі мол. Біздің жоспарымызға сәйкес, 2013 жылдың соңында –2014 жылдың басында KazSat-3 орбитаға шығады», — деді М. Молдабеков.

Қазғарыш өкілінің пікірінше, «өз спутниктерімізді ұшыру – жұмыстың ең перспективалы бағыты».

Еске сала кетейік, «KazSat-2» спутнигі 2011 жылдың 16 шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды.

Соңғы жаңалықтар