KazSat-2-ні ұшыру мерзімі 15 шілдеге ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KazSat-2-ні ұшыру мерзімі 15 шілдеге ауыстырылды

KazSat-2-ні ұшыру мерзімі 15 шілдеге ауыстырылды

KazSat-2-ні ұшыру мерзімі 2011 жылдың 15 шілдесіне ауыстырылды, деп хабарлайды Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.

  • 20 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Ұшыру мерзімі үстіміздегі жылдың 15 шілдесіне ауыстырылды», — делінген Қазғарыш сайтындағы ақпаратта.

«Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-на бас мердігер «М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМУК-тан аппараттың электр қондырғыларының біреуіне қосымша қорғаныс қажет болғандықтан, ҒА-ның басқару жүйесіне электр сынақтарының қайталама циклы жүргізілетін болады» деген хабарлама келген.

Бұрын хабарланғанда, аппарат 10 шілдеде ұшырылуға тиіс болатын, оның алдында ұшыру мерзімі 4 рет ауыстырылды. Бастапқыда спутникті 2009 жылдың желтоқсанында ұшыру жоспарланған болатын. Алайда Қазақстан жағы жобаны техникалық жетілдірілмеген деп санап, оны жетілдіруді талап етті. Кейін ұшыру 2010 жылдың соңына қалдырылды, бірақ жоба ол жылы да жетілдірілмеді, кейін наурызға, сосын 10 шілдеге, енді міне, 15 шілдеге ауыстырылды. Спутниктің құны -$115 млн.

Соңғы жаңалықтар