К.Денякиннің отбасы шығын көлемін 22 млн АҚШ долларына бағалап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К.Денякиннің отбасы шығын көлемін  22 млн АҚШ долларына бағалап отыр

К.Денякиннің отбасы шығын көлемін 22 млн АҚШ долларына бағалап отыр

АҚШ  полицейі атып өлтірген қарағандылық Кирилл Денякиннің отбасы Портсмунд қаласының сотына арыз түсірді. Баласынан айрылып, қара жамылған шаңырақ соттан ұлын 11 рет оқ атып мерт қылған тәртіп сақшысын қатаң жазалауды талап етуде. Ал келтірілген моральдық-материалдық шығынның көлемін олар 22 млн АҚШ долларына бағалап отыр.

  • 5 Шiлде 2011
  • 520
Фото - Caravan.kz


Елена Денякина, марқұм Кирилл Денякиннің анасы:

— Деньги это что, никакой  суммы не хватит,чтобы вернуть сына…

Марқұмның анасының АҚШ-қа жетуге қаражаты болмағандықтан, шағымды сотқа сол жақтан жалдаған қорғаушылары берген. Алайда арыз бір айдан соң ғана қаралады. Жәбірленуші тарап істің алқа билердің қатысуымен қаралуын сұрап отыр. Себебі:Кириллдің өліміне байланысты тергеу әлі аяқталмапты. Жат жерде қыршын кеткен жігіттің ата-анасы сот процесі бастала қалған жағдайда оған қатыса алмауы да мүмкін. Бұған тағы да қаржы мәселесі себеп. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі жарым ай бұрын отандасымыз Кирилл Денякин аса күдікті жағдайда АҚШ полицейінің қолынан қаза тапқан.  

Соңғы жаңалықтар