Кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламаға сәйкес 2005-жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 процентке дейін азаюы тиіс - ҚР экономика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламаға сәйкес 2005-жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 процентке дейін азаюы тиіс - ҚР экономика министрі

Кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламаға сәйкес 2005-жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 процентке дейін азаюы тиіс - ҚР экономика министрі

Кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламаға сәйкес 2005-жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2002-жылғы 9,4 проценттен 8,1 процентке дейін азаюы тиіс, ал жан басына шаққандағы Ішкі Жалпы өнім мөлшері 2028 долларды құрайтын болады. Бұл туралы 8-маусымда Алматыдағы Трансазиялық парламенттік форумда сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады.

  • 8 Маусым 2003
  • 1254
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен кірісі бар тұрғындар саны 2002-жылмен салыстырғанда 2005-жылы 25 процентке, ал кедейліктің төменгі шегіне де жете алмаған жоқшылық ахуалындағы тұрғындар саны 50 процентке азаюы тиіс.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, кедейлік және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2001-2002-жылғы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен кірісі бар тұрғындар саны 2000-жылғы 31,8 проценттен 2002-жылы 27 процентке дейін азайған. Ал жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда 12,8 проценттен 9,4 процентке дейін төмендеді.
Қ.Келімбетовтың бағалауынша, 2003-жылы жалпы экономика салаларында 150 мың жаңа жұмыс орнын , оның 20-25 мыңын инвестициялық және басқа да бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру арқылы ашу жоспарланған.
Бағдарламаны толыққанды жүзеге асырып ,кедейлік проблемасын кешенді шешу үшін, Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, ҚР үкіметі мынадай басым бағыттарды
таңдады : ауыл тұрғындарының тұрмыс ахуалын сапалық жақсарту шаралары мен Мемлекеттік агро-азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралар кешені, индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шаралары мен ғылым , білім және тұрғындардың кәсіптік деңгейін арттыру жүйесін тиімді дамыту шараларына назар аударылады.
Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлікті, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындарды зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жақсартуға, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыруға , елордасын дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру межеленіп отыр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы үкіметінің жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуы арқасында кедейлікті азайтуға және Қазақстан тұрғындарының тұрмыстық деңгейін тікелей немесе жанама жақсартуға бағытталған жобалар мен шаралар жүзеге асырылуда,- деді Қ.Келімбетов.
Тағы бір айта кетерлігі, халықаралық ұйымдар өзіндік әр салада жұмыстар атқаруда. Мәселен, Азия даму банкі шағын және ірі қалалар мен ауылдық жерлердегі кедейлікті зерттеумен, және институционалдық және құрылымдық саясаттың әсерін айқындаумен айналысса, БҰҰ-ның даму бағдарламасы — кедейлік проблемасын шешудегі Бейресми Ұйымдардың ролін анықтаумен және кедейлікті гендерлік тұрғыдан зерттеумен , ал Дүниежүзілік банк — халықтың тұрмыстық деңгейін зерттеумен шұғылданады.