Кеден одағы 1 маусымнан бастап статистикалық есептеменың жаңа түрін енгізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден одағы 1 маусымнан бастап статистикалық есептеменың жаңа түрін енгізеді

Кеден одағы 1 маусымнан бастап статистикалық есептеменың жаңа түрін енгізеді

Ресей, Беларусь, Қазақстанның Кеден одағы 1 маусымнан бастап сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін статистикалық есептеменің жаңа түрін енгізеді.

  • 1 Маусым 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Жаңа ережелердің енгізілуімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауар әкелгенде және сыртқа шығарғанда негізгі құжаттар топтамасымен қатар кеденге статистикалық есептеменің арнайы түрін көрсетуі тиіс.

Ресей Федералдық кеден қызметінің түсіндірмесіне сәйкес, статистикалық форма тауарларға қандай көлікпен тасымалданатына қарамастан толтырылады. Бұл форма қызмет аймағында өтініш беруші есепте тұрған кеден органына тауар жөнелтілген айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей беріледі.
Статистикалық форма жеке тұлғалар жеке пайдалануына арналған заттарға, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілген және уақыиша әкелінетін және әкетілетін тауарларға толтырылмайды.

Соңғы жаңалықтар