Кеден одағы қазақстандықтарға пайда әкелген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден одағы қазақстандықтарға пайда әкелген жоқ

Кеден одағы қазақстандықтарға пайда әкелген жоқ

Отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстан, Ресей мен Белоруссияның Кеден одағына қарсы. Өйткені, қатардағы азаматтар үшін бұл ұйымның тауар қымбаттауына тікелей байланысы бар, деп макроэкономист Мағбат Спанов мәлім етті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Әрине, оның жақсы жақтары да бар. Бірақ, қарапайым халық Кеден одағын екі затпен байланыстырады: оның бірі бензин бағасы, екіншісі — сырттан әкелінетін көлік бағасының қымбаттауы. Ал, бензин қымбаттаса коммуналдық қызмет пен азық-түлік те қымбаттайды», — деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

М.Спановтың пікірінше, одақ құрылғалы бері Қазақстан экономикасында да, ішкі азық-түлік нарығында да айта қоярлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. «Тактикалық тұрғыдан қарағада, біз тауармен қамтамасыз ету, елдің төлем балансы жағынан да ешқандай оң өзгеріс байқап отырған жоқпыз. Жыл бойы жұмыс жүргізілді, оның бастапқы нәтижелері де көріне бастауы тиіс болатын», — деп қосты ол.
М.Спановтың айтуынша, Қазақстан Кедендік одаққа Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғаннан кейін кіруі тиіс болатын. Бұл еліміз үшін экономикалық жағынан тиімдірек болатын еді, дейді ол. «ДСҰ-на кіру одақтан гөрі тиімдірек болар еді. Соның ішінде, баға, әсіресе өнеркәсіп тауаплары мен электроника құралдары және т.б. құны арзандар еді, қарапайым азаматтарға керегі осы ғой», — деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар