Кеден одағы "үштігі" елдері осы бірлестікті әрі қарай дамыта бермек - ҚР Президенті
Мемлекет басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ құру ауқымындағы кездесулері үш мемлекеттің астаналарында кезек-кезек өткізіледі. |
Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарының қорытынды брифингіснде мәлім етті.
Президент ЕуразЭҚ бұрынғы кеңестік кеңістікте ең тиімді бірлестік болғанын атап көрсетті. «Бірақ та біз оны сақтаймыз, өйткені онда Қырғызстан мен Тәжікстан бар, олар да Кеден одағына кіруге ниет білдірді. Бұл үшін уақыт керек, олар да біз қабылдаған барлық құжаттарды қабылдаулары қажет. Сол үшін біз бұл құрылымның штатын 22 адамға дейін қысқартып, сақтаймыз», - деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы Кеден одағы үштігі осы бірлестікті әрі қарай дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Бұл ұйым тең құқықты, ерікті болады, барлығы консенсус арқылы шешіледі. Егемендік және тәуелсіздікке ешқандай қысым көрсетілмейді. Алайда, біз өз еркімізбен экономикалық егемендігімізді ұлтүсті органға бердік және мұны бар күш-жігерімізбен қолдайтын боламыз», - деді Н.Назарбаев.
«Бұл ұйым (ескерту: Еуразиялық экономикалық одақ) көп көңіл бөлуді талап етеді. Сондықтан ол толығымен қалыптасып біткенше біз жылына бірнеше рет арнайы жиналып тұруды ұйғардық. Әр кездесу тиісті елдің астаналарында өтіп отырады. Бұл осы мәселеге қатысты әр түрлі түсініктер көп екенін адамдарға түсіндіру үшін қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін