Кеден одағының агроөнеркәсіп саласының өкілдері салалық бірлестік құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден одағының агроөнеркәсіп саласының өкілдері салалық бірлестік құрады

Кеден одағының агроөнеркәсіп саласының өкілдері салалық бірлестік құрады

Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден одағы аясында Агроөнеркәсіптік бірлестік құрылатын болады, оның құрамына үш елдің барлық салалық одақтары мен агроөнеркәсіптік кешендері қауымдастықтарының өкілдері кіреді.

  • 27 Шiлде 2011
  • 649
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мәскеуде Беларусь ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары Надежда Котковец, Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Елена Скрынник және Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасеновтың қатысуымен өткен Кеден одағы Агроөнеркәсіптік бірлестіктің құрылтай жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігінің тілшісі.

Бірлестіктің бірінші құрылтай съезі осы жылғы қараша айының басында өтеді деп жоспарлануда.

Бірлестіктің бақылаушы кеңесін Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Елена Скрынник басқарады деген шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар