Кеден одағының елдері ДСҰ-ның тек базалық келісімдерінің шарттарын ғана ұстанулары керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден одағының елдері ДСҰ-ның тек базалық келісімдерінің шарттарын ғана ұстанулары керек

Кеден одағының елдері ДСҰ-ның тек базалық келісімдерінің шарттарын ғана ұстанулары керек

Кеден одағының елдері ДСҰ-ның тек базалық келісімдерінің шарттарын ғана ұстанулары керек, оның аясынан тыс жатқан ДСҰ-ПЛЮС шарттары керек емес.

  • 20 Маусым 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев XV Петербор халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында осындай мәлімдеме жасады.

«Қазір оған көзіміз жетіп отыр, Кеден одағының құрылғанына қарамастан, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу біз үшін тиімді және стратегиялық маңызды іс», — деді Мемлекет басшысы.

Елбасы ДСҰ келісімдерінің біркелкі емес шарттары әлем елдерінің арасында экспорт үлесінің әркелкі бөлінуіне себеп болып отырғанына атап өтті. Сондықтан да, Кеден одағының елдері ортақ кеден аумағының ішінде де, оның сыртында да жүзеге асырылатын бірыңғай сыртқы сауда саясатының қағидаларын талдап жасауы тиіс.

Дейтұрғанмен, Н.Назарбаев, ДСҰ-ның барша адамзаттың игілігі екенін және Қазақстанның оның толыққанды мүшесі болуға талпынып отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар