Кеден одағының елдерінде автокөліктерді техникалық байқау талаптары бірдей болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден одағының елдерінде автокөліктерді техникалық байқау талаптары бірдей болады

Кеден одағының елдерінде автокөліктерді техникалық байқау талаптары бірдей болады

Кеден одағының (КО) мемлекеттері – Қазақстан, Ресей және Белоруссияда автокөліктерді техникалық байқау талаптар бірдей болады, деп мәлім етті ҚР көлік және коммуникация министрлігінің (ККМ) көліктің бақылау комитеті төрағасының орынбасару Әсет Асаубаев.

  • 29 Шiлде 2011
  • 721
Фото - Caravan.kz

«(Жеңіл автокөліктердің – ҚазТАГ) техникалық регламент, техникалық байқау Кеден одағында қабылданып жатқан құжаттардың аясында бірдей болады», — деді ол бейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.

Оның айтуынша, әзірленіп жатқан КО-ның техникалық регламентінде жеңіл автокөліктерді техникалық байқауға ортық техникалық талаптар жазылған.

«Яғни, техникалық жағдайға жататын құжаттар, тексерілетін агрегаттар, қандай жағдайда, қандай өлшемдер бойынша дегендер», — деді комитет төрағасының орынбасары.

Бірақ құжатта автокөліктің техникалық жағдайын тексеру тәртібі мен ережелері жазылмаған, деді ол.

«Онда байқауды жүргізу тәртібі айтылып отырған жоқ: жеке меншік, әлде мемлекеттік құрылымдардың жүргізетіні. Мысалы, Белоруссияда мұнымен мемлекеттің қатысуы бар «Белтехосмотр» унитарлық кәсіпорны айналысады. Ресейде қазір техбайқау жеке меншік орталықтарға, бірақ бұл мәселені бақылайтын сақтандыру ұйымдары арқылы беріліп жатыр», — деді А. Асаубаев.

Оның ақпаратына сәйкес, бірыңғай талаптар келесі жылдан ерте күшіне енбейді.

Ал жүк-жолаушы көлігіне келсек, Қазақстанда техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беруді ұйымдастыру жоспарланған.

А. Асаубаевтың айтуынша, елімізде халықаралық сертификат беру әлемнің 38 елі, соның ішінде Ресей мен Беларусь қол қойған келісімнің аясында жүргізіледі.

«Онда (келісімнің ережелерінде — ҚазТАГ) тексерілуге тиіс буындар мен агрегаттардың бірдей тізімі белгіленген. Яғни, егер жүк-жолаушылар көлігі осындай сертификатпен жүрсе, 38 елге еш кедергісіз жүк тасымалдай алады», -деді ол.

Еске сала кетейік, ұстіміздегі жылдың басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев автокөліктерді техникалық байқау функциясын бәсекелестік ортаға беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды.

Көлік құралдарының техникалық жағдайын тексерумен техникалық байқау желілерімен жабдықталған жеке меншік орталықтар айналысады. Бұл — тежегіш жүйесінің, рульдік басқарудың тиімділігін, атмосфераға тастау сияқты жол қозғалысының қауіпсіздігі мен экологияға әсер ететін өлшемдерді автоматты түрде анықтайтын стационарлық және мобильдік желілер.

Қазақстандық автокөлік иелері жеке меншік орталықта көліктерін техникалық байқаудан 2011 жылдың тамызында өткізеді.

Соңғы жаңалықтар