Жарияланды: 600

Кеден одағының ішкі шекараларында кедендік бақылау алынып тасталуда

Кеден органдары Кеден одағының ішкі шекараларында ішкі бақылауды жұма, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Ресей, Беларусь және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастырудың кезекті кезеңі аясында бақылауды тоқтатуда, деп хабарланды www.hm.kz сайтында.

РФ Федералды кеден қызметінің бір-екі күн бұрынғы хабарламасына сәйкес, шекараның ресейлік-қазақстандық бөлігінде кеден органдары кедендік операциялар мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтететін таурлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау бойынша барлық қызметті тоқтатады. Кеден одағы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Бірыңғай тарифтерді енгізумен қызмет етуін бастады. Одақтың ішкі шекараларында тауарлардың басым бөлігі бойынша өткен жылдың 1 шілдесінен алынып тасталған. Бұл ретте Қазақстан үшін бір жыл ішінде өтпелі кезең әрекет еткен. Сол мерзімде 406 тауарлық топ бойынша төмендетілген импорттық баж салығы қолданылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін