Кеден қызметкерлері Жаңасібір - Алматы бағытындағы жолаушылар поездінен 2 кг астам гашиш тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден қызметкерлері Жаңасібір - Алматы бағытындағы жолаушылар поездінен 2 кг астам гашиш тәркіледі

Кеден қызметкерлері Жаңасібір - Алматы бағытындағы жолаушылар поездінен 2 кг астам гашиш тәркіледі

СЕМЕЙ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Кеден қызметкерлері Жаңасібір - Алматы бағытындағы жолаушылар поездінен 2 кг-нан астам гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Семей" кеденінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Ақпан 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

Кеше кешке кеден қызметкерлері «Темір жолы» кеден бекетінде жолаушылар поездіне тексеру жүргізу барысында дәретханадағы қол жуғыштың астынан түйіншек тауып алған. Артынша жылу құбырының астынан жапсырғышпен оралған тағы бір дорба тапқан. Сараптама қортындысына табылған заттың гашиш екендігін анықтап отыр, оның жалпы салмағы 2161,47 г құрайды. «Ірі көлемдегі есірткіні табуға «Спайк» атты иттің көмегі тиді», — деді кеденшілер.

«Әзірге 2 кг-нан астам гашиштің кімге тиесілі екендігін анықтау мүмкін болмай отыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті