Кеденде қылмыстық топ ұйымдастырған Б.Отарбаев Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеденде қылмыстық топ ұйымдастырған Б.Отарбаев Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

Кеденде қылмыстық топ ұйымдастырған Б.Отарбаев Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

Шетелге қашқан шортан қармаққа ілінді! Кеденде қылмыстық топ ұйымдастырған Бақыт Отарбаев, өзінің сыбайласы сияқты, Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды.

  • 3 Маусым 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz


Оған Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бақыт Отарбаев қылмыстық топ құрып, «Қорғас» пен «Қалжат» бекеттерінде конрабандамен айналысқан және ұзақ уақыт кеден бекеттерін жеке бас пайдаларына жаратып келген деп айыпталуда. Дәл осы қылмыстар үшін алдыңғы күні Отарбаевтың сыбайласы Талғат Қайырбаев құрықталған-ды. Ол да Араб Әмірлігінде «тынығып» жатқанекен. Бір айтары, қылмыстық топ мүшелерін шетелге жөнелтуге күш құрылымдарының шенді қызметкерлері жәрдем еткен көрінеді. Бірақ әзірге бұл жөнінде құзырлы орган қызметкерлері тіс жармай отыр. Қайткенмен шетелдік әріптестердің көмегімен екі қашқын да ұсталды. Енді еліміздің Қаржы полициясы Бас прокуратураның көмегімен оларды елге қайтармақ. Қазір экстрадиция жөнінде тиісті құжаттар рәсімделуде.

Соңғы жаңалықтар