Кедендік бақылау департаменті мен «Атамекен одағы» павлодарлық филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Павлодар облысының кедендік бақылау департаменті «Атамекен одағы» филиалымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен. |
Ол КБД басшыларының кәсіпкерлер - сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен «дөңгелек үстел» басындағы кездесуінің нәтижесінде болды.
Кеденшілер мен «Атамекен одағы» нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша біріккен шараларды өткізу кезіндегі стратегиялық серіктестік пен өзара әрекеттестік туралы келісті.
Қол қойылған құжат аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін