Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады

Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бас қызметкері Данияр Оспанов хабарлады.

  • 21 Мамыр 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Кедендік бақылау комитеті кедендік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын анықтап, оған тосқауыл қою жөніндегі жұмысын өз күшімен жандандырды. Соның нәтижесінде биылғы жылдың 4 айы ішінде кедендік органдардың құзырлы қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғалды», -деп ақпарат берді Д. Оспанов.

Ол еске салғанындай, өткен 2007 жылы осы уақыт аралығында кедендік бақылау комитетінің ішкі басқармасы кеден қызметкерлеріне қатысты 5 қылмыстық іс қозғаған.

«4 айдың ішінде кеден қызметкерлері тарапынан жасалған 35 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталса, өткен жылдың осы уақытында кеденшілер тарапынан жол берілген 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды», — деп толықтырды КБК өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті