«Кедендік бақылау комитеті Алматы әуежайы арқылы Еуропаның бір еліне аса ірі көлемде есірткі тасымалданғаны туралы мәліметтен хабардар»,- деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Әбдішев.
Б.Әбдішев бұл істің егжей-тегжейін жария етуден бас тартты. «Тергеу мүддесіне сәйкес мәселенің мән-жайынан хабар беру әзірге мүмкін емес»,- деді ол.
«Қазір қызмет бабындағы тексерулер мен қосымша шұғыл шаралар іске асырылуда»,- деді Б.Әбдішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті