Кедендік бақылау комитетінің жанынан ведомствоаралық жұмыс тобын құру жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кедендік бақылау комитетінің жанынан ведомствоаралық жұмыс тобын құру жоспарланып отыр

Кедендік бақылау комитетінің жанынан ведомствоаралық жұмыс тобын құру жоспарланып отыр

Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Кедендік бақылау комитетінің жанынан құрамына кеден және темір жол қызметкерлері енетін ведомствоаралық жұмыс тобын құру жоспарланып отыр. Дүйсенбі күні кеден органдарының теміржол әкімшілігімен өзара ықпалдастығы мәселелері жөніндегі жиналыс барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазақстан темі жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Тамыз 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, отырыстың күн тәртібіне кеден органдарының теміржол әкімшілігімен бірлескен жұмысын ұйымдастырудың проблемалық мәселелері, сондай-ақ, шекаралас мемлекеттердің кеден органдарымен өзара ықпалдастық мәселелері енгізілді.

Атап айтқанда, баспасөз баянында тараптардың пойыздар қозғалысының кестесін сақтауға, темір жол арқылы тауарлар мен көлік құралдарының ішкі кеден транзитінің процедурасына сәйкес тасымалдануына, пойыздың жүк вагонында тасымалданатын тауарларды жеткізуді бақылау құжаттарын рәсімдеуге, ҚР кеден заңнамасының талаптарын сақтауға және т.б. қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар