Осы орайда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин ОҚК-да өткен баспасөз-мәслиxатында кодекс артықшылықтарын атады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Басты жаңалық – толығымен электронды декларациялауға көшу. Кедендік баждарды төлеу мерзімін бір айға, алты айға ұзарту қарастырылды. Бұл жұмысты жеңілдетіп, қолайлы жағдай туғызады. Бәрімізге белгілі бұрындары алдын ала кедендік бажын төлемейінше тауар шығарылмайтын», — деді Ғұсман Әмрин.
Оның айтуынша жаңа кеден кодексі бойынша декларациялау мен бақылау уақыты қысқармақ.
«Жалпы кеден қызметінде, сыртқы сауда саласында ең қиын сұрақтың бірі бір-біріне қарама-қайшы бақылауды күшейту мен кеден рәсімдерін қысқарту. Бақылауды күшейтсек уақыт көбейеді. Шын айтайын, бұл бизнестің ұсынысы болды. Декларациялау мерзімі 24 сағаттан 4 сағатқа дейін қысқартылды. Жалпы бақылау жұмысын он күнен бес күнге дейін қысқартып отырмыз», — деді ол.
Сонымен бірге жаңа кодекс бойынша декларацияны кеден офицері толтыра алады. Ал қазіргі қолданыстағы кодексте кеден қызметкерлеиінің декларация толтыруға ешқандай құқығы жоқ.