Жарияланды: 450

Кедендік одақ аясында 1-ші шілдеден бастап азық-түлік бағасының қымбаттауы күтілмейді

2011 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Кедендік одақ аясында бағаның айтарлықтай қымбаттауы күтілмейді, деп ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«Кедендік одақ аясында 2011-ші жылы 1-ші шілдеден баға көтеріледі деп күтілмейді. Біз Кедендік одаққа 2010-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап кіргенімізді естен шығармаңыздар, біз одақта жүргенімізге біржарым жыл болды. Болатын өзгеріс - қазақ-ресмей шекарасындағы кедендік тексерулер алынып тасталады», - деді Т. Сүлейменов дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы. Ол «шекарада бақылаудың барлық түрлері: кедендік, санитарлық, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқа түрлері алынып тасталады» деді. «Тек шекарашылар қалады», - деді ол. «Азаматтарға ерекше айтарым, Кедендік одаққа кірумен байланысты баға көтеріледі екен деген қауесетке құлақ аспауын сұраймын»,- деп атап көрсетті Т. Сүлейменов. Бұрындары БАҚ-тарда 2011-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап азық-түлік пен бірқатар өнеркісіп тауарларының бағасы көтеріледі деп хабарланған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін