Кедендік одақ аясында 1-ші шілдеден бастап азық-түлік бағасының қымбаттауы күтілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кедендік одақ аясында 1-ші шілдеден бастап азық-түлік бағасының қымбаттауы күтілмейді

Кедендік одақ аясында 1-ші шілдеден бастап азық-түлік бағасының қымбаттауы күтілмейді

2011 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Кедендік одақ аясында бағаның айтарлықтай қымбаттауы күтілмейді, деп ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

  • 14 Маусым 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Кедендік одақ аясында 2011-ші жылы 1-ші шілдеден баға көтеріледі деп күтілмейді. Біз Кедендік одаққа 2010-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап кіргенімізді естен шығармаңыздар, біз одақта жүргенімізге біржарым жыл болды. Болатын өзгеріс — қазақ-ресмей шекарасындағы кедендік тексерулер алынып тасталады», — деді Т. Сүлейменов дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы.

Ол «шекарада бақылаудың барлық түрлері: кедендік, санитарлық, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқа түрлері алынып тасталады» деді. «Тек шекарашылар қалады», — деді ол.

«Азаматтарға ерекше айтарым, Кедендік одаққа кірумен байланысты баға көтеріледі екен деген қауесетке құлақ аспауын сұраймын»,- деп атап көрсетті Т. Сүлейменов.

Бұрындары БАҚ-тарда 2011-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап азық-түлік пен бірқатар өнеркісіп тауарларының бағасы көтеріледі деп хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар