Кедендік одақ мемлекеттерінде 1 шілдеден қант-шикізатының импортының баж салығы 70%-ға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кедендік одақ мемлекеттерінде 1 шілдеден қант-шикізатының импортының баж салығы 70%-ға көтерілді

Кедендік одақ мемлекеттерінде 1 шілдеден қант-шикізатының импортының баж салығы 70%-ға көтерілді

Кедендік одақ мемлекеттерінде 1 шілдеден қант-шикізатының импортына жаңа баж салығы салынатын болды, деп Profi-forex ақпараттық порталы хабарлады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Құрамына Ресей, Беларусь және Қазақстан кіретін Кедендік одақ қант-шикізатының импортына салынатын баж салығын бұрынғы 50 доллардан 85 доллар/тоннаға дейін көтеретін болды. Жаңа тариф шілдеден бастап күшіне енеді», — деп интернет-басылым хабарлады.

Қант өндірушілері тамыз айына қарай баж салығы $140/т-ға жетеді деп болжап отыр. Тамызда зауыттар қант қызылшасын өңдей бастайды, және жоғарғы баж салығы кем дегенде келесі маусым басталғанша, импорттық қант ағымының артуына мүмкіндік бермейді, делінген хабарда.

Еске салсақ, кедендік одақ аясында жасалған қосымша келісімге сай, Қазақстан 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін қамыс-шикізатының құрағын сырттан әкеле алады. Бұл ретте оны Ресей мен Беларусьқа әкелуге тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар