KEGOC 500 кВ "Алма" қосалқы станциясын іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KEGOC 500 кВ "Алма" қосалқы станциясын іске қосты

KEGOC 500 кВ "Алма" қосалқы станциясын іске қосты

"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания KEGOC" АҚ кернеуін сынау үшін жүргізілген тестілік сынақтарды ойдағыдай аяқтап, 500 кВ "Алма" жаңа қосалқы станцияны іске қосты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Алма» қосалқы станциясы » 500/220 кВ Алма қосалқы станциясын салу» жобасының бірінші кезеңінде салынды. Жобаның жалпы құны шамамен 30 млрд теңге . Құрылыс KEGOC өз қаржысы есебінен, республикалық бюджет есебінен және Қазақстан мемлекеттік кепілдік етіп алынған қарыз ақша есебінен қаржыландырылуда.

«Алма» — тәуелсіздік жылдары салынған кернеуі 500 кВ бірінші қосалқы станция, бұрындары қолданыстағы қосалқы станциялар тек кеңейтіліп ғана келген.
«500 кВ «Алма» қосалқы станциясының іске қосылуы бүкіл оңтүстік аймақты, ең алдымен Алматы қаласын энергиямен қамсыздандыру сапасын арттыру жағынан алғанда стратегиялық мәні бар», деді компания басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев, оның сөздері баспасөз хабарламасында келтірілген.
KEGOC Қазақстанның бірыңғай электр желісінің жүйелі операторы функцияларын орындап отыр. Компания мемлекеттік «Самұрық-Қазына» қорына енген.