KEGOC "Екібастұз - Барнаул" бағытындағы 1150 кВ-тық жоғары кернеулі электр желісін іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KEGOC "Екібастұз - Барнаул" бағытындағы 1150 кВ-тық  жоғары кернеулі электр желісін іске қосты

KEGOC "Екібастұз - Барнаул" бағытындағы 1150 кВ-тық жоғары кернеулі электр желісін іске қосты

"KEGOK" ААҚ "Екібастұз-Барнаул" бағытындағы мемлекетаралық 1150 кВт кернеулі электр жалғастыру желісін қалпына келтіру, жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтап, іске қосты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "KEGOK" ААҚ-ның баспасөз қызметінен бүгін, 12-қарашада келтірген баспасөз баянында айтылған. Жалпы ұзындығы 696,3 шақырымдық электр жалғастыру желісінің Қазақстандық учаскесінің ұзындығы 325,25 шақырымды, ал Ресейлік бөлігінің ұзындығы 371,05 шақырымды құрайды.

  • 12 Қараша 2003
  • 704
Фото - Caravan.kz

«Екібастұз — Барнаул» бағытындағы 1150 кВ-тық жоғары кернеулі электр желісі — Екібастұз-Көкшетау-Қостанай-Челябы бағытындағы әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ құрлықаралық электр жалғастыру желісі болып табылады. Аталмыш желіні тартуда Батыс Сібірдегі су электр станциялары өндірген артық көлемдегі электр қуатын Оралға жалғастыру мақсаты көзделген. 1988-жылы желі құрылысы аяқталып, желінің Екібастұз-Көкшетау-Қостанай аралығындағы бөлігі 1150 кВт-тық номиналдық кернеуге, ал 1989-жылы Челябы-Қостанай және Екібастұз-Барнаул учаскелері 500 кВт-тың жұмыс кернеуіне қосылды.

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелері жеке-дара жұмыс істеу тәртібіне көшті. Ал 1996-жылы «Екібастұз — Барнаул» бағытындағы электр желісі толықтай істен шықты. Желі мүлдем қорғалмау салдарынан металл бағандар конструкциясы мен түсті металлдардан жасалған сымдар тонала бастады. 1998-жылы жұмыс істеу қабілетінен біржола айрылған желі «KEGOK» ААҚ-ның балансына көшірілді.
2000-жылы РАО «ЕЭС Россия» мен «KEGOK» ААҚ-ның басшылығы бірлесе отырып желіні қалпына келтіру жөнінде мәмілеге келді. Оған Ресейдің Орал өңіріндегі электр тапшылығына ұшыраған өнеркәсіп нысандарында электр қуатын көп мөлшерде талап ететін өндірістер ауқымының артуы түрткі болды. Жөндеу жұмыстарына 7 млн. доллар көлемінде қаржы жұмсалды, оның 6 млн. долларын Қазақстан жағы бөлді.
Желіні іске қосу — Ресейдің электр қуатына бай аймағы -Сібірден қуат тапшылығына ұшырап отырған Орал аймағына электр тарату мүмкіндігін арттырмақшы. Сондай-ақ, тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету сенімділігін арттырып, Қазақстан мен Ресейдің біртұтас электр жүйесінің параллель жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Нәтижесінде Орал-Қазақстан-Сібір бағытында электр жалғастыру мүмкіндігін 1200 МВт-қа дейін арттырылады.

Соңғы жаңалықтар