KEGOC өкілі бірнеше өңірде электр тапшылығын туындатқан тұтынушыларды атады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KEGOC өкілі бірнеше өңірде электр тапшылығын туындатқан тұтынушыларды атады

KEGOC өкілі бірнеше өңірде электр тапшылығын туындатқан тұтынушыларды атады

Елдегі электр энергиясының тапшылығын авариялардың жиілеуі мен майнинг өндірісінің артуы туындатып отыр.

  • 12 Қараша 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«KEGOC» компаниясының ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчері Бекжан Мұқатов аталмыш мәселе бойынша өткен брифингіде осындай пікір білдірді.

Электр қуатының тапшылық белгілері майнинг пен электр станцияларындағы апаттардың жоғарылауынан туындап отыр.

«Майнинг электр қуатын тұтыну көлемінің күрт өсуіне айтарлықтай әсер ететін маңызды фактор болып тұр. 2011 жылы бұл саланың электр қуатын тұтыну үлесі шамамен 2% болса, 2020 жылы 7%-дан асқан. Яғни бірнеше есе ұлғайғанын байқаймыз. Әрине, біз қазіргі тапшылықты елдегі электр қуатын тұтыну құрылымында майнинг үлесінің ұлғаюымен байланыстырамыз. Тіпті бұл тапшылықтың негізгі факторы деуге болады. Оған қоса елдің электр станцияларында апаттар жиі болады. Осының бәрінің жиынтығында электр тапшылығының белгілері мен импорттау қажеттілігі туындап отыр», – деді Бекжан Мұқатов.

Сондай-ақ, бас диспетчер майнингтік компанияларды бақылау «KEGOC»АҚ құзыретіне жатпайтынын ескертті.