«KEGOC» қуаты 500 кВ «Алма» қосалқы стансасын іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KEGOC» қуаты 500 кВ «Алма» қосалқы стансасын іске қосты

«KEGOC» қуаты 500 кВ «Алма» қосалқы стансасын іске қосты

«KEGOC» акционерлік қоғамы кернеу қосылған жағдайда сынақ жүргізудің сәтті аяқталғанын және жаңа 500 кВ «Алма» қосалқы стансасы сәтті іске қосылғанын хабарлайды.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

Осылайша, Қазақстан БЭЖ-нің Жүйелік операторы ҚР Үкіметінің Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына (ҮИИДМБ) енгізілген жоба бойынша берген тапсырманы мерзімінен бұрын орындады.

«Алма» қосалқы стансасы (ҚС) «Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан Ұлттық электр торабына (ҰЭТ) жалғанатын 500/220 кВ «Алма» ҚС-ны салу» жобасының бірінші кезеңі аясында салынды және Қазақстан Республикасы ҰЭТ-ның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

«Қолданыстағы 500 кВ «Алма» ҚС шектеулі жүктеме режімінде жұмыс істеп келген болатын. Сондықтан 500 кВ «Алма» ҚС-ны іске қосу барлық оңтүстік өңірі үшін, бірінші кезекте Алматы қаласын энергиямен жабдықтау сапасын жақсартуда стратегиялық маңызға ие», — деп атап көрсетті компанияның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Жобаны іске асыру кестесіне сай 500 кВ «Алма» ҚС-ны пайдалануға беру 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған болатын. Құрылысты мерзімінен бұрын аяқтау жаңа қосалқы стансыны сәтті іске қосу Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыратын болады. Қазіргі уақытта Алматы энергия торабындағы электр қуатының тапшылығы 50 пайызға дейін жетеді.

«Алма» — Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарында салынған 500 кВ кернеулі алғашқы қосалқы станса. Бұрын іске асырылған жобалар бойынша жұмыс істеп тұрған қосалқы стансалар ғана кеңейтілген еді.

«Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ «Алма» ҚС-ны салу» жобасын іске асыру Балқаш АЭТ бірінші кезегінің қуатын беруді көздейді. Бұл серіктес қалалар («G-4» жобасы бойынша) мен ақпараттық-технологиялар паркін салу жоспарларын есепке ала отырып, еліміздің бүкіл оңтүстік өңірін дамыту үшін қажетті жағдай туғызады.

Жобаның жалпы құны шамамен 30 млрд. теңге. Құрылыс «KEGOC» АҚ-ның меншікті қаражаты мен ХҚДБ-ның ҚР мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз қаражаты есебінен (78 млн. АҚШ долл. сомасына кредит келісімі) қаржыландырылады.

Жобаны іске асыру үдерісінде отандық өндірушілердің елімізде электр энергетикасы саласын дамыту үшін шығарылатын материалдары мен жабдықтары кеңінен қолданылды. Құрылыс кезеңіндегі қазақстандық үлес 48 пайызды қамтып, 370 жұмыс орны ашылды.