«KEGOC» журналистер арасында шығармашылық байқау жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KEGOC» журналистер арасында шығармашылық байқау жариялады

«KEGOC» журналистер арасында шығармашылық байқау жариялады

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ компанияның

  • 29 Қазан 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

электр энергетика саласындағы әлеуметтік мәнді жобаларын жариялаған үздік материалдар бойынша баспасөз басылымдардың, электрондық және интернеттегі БАҚ-тардың журналистері арасында дәстүрлі жыл сайынғы байқауын өткізеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Конкурс электр энергетикасы саласын дамыту мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударту, ағымдағы және келешек энергетикалық жобалар туралы материалдардың сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп отыр.

Байқауға 2012 жылғы 1 қаңтар мен 20 желтоқсан аралығында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған материалдар қатыса алады.

Конкурс жеңімпаздары БАҚ түрлері бойынша белгіленген аталымдарға сәйкес анықталады және бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар