Қ.Бозымбаевтың хабарлауынша, компанияның электр қуатын жалғастыру қызметінің күтілген көлемі 2004-жылы 33,2 млрд. кВт/сағ немесе өткен жылғымен салыстырғанда 23,3 процент артық болмақ. Бұл өсім еліміздегі бірқатар өнеркәсіптік тұтынушылар үшін қызмет көлемінің арттырылуы мен «Орталық Азия-Ресей» бағыты бойынша транзитті қуат тасымалының көлемі 1,8 млрд. кВт-сағ жетуіне, немесе, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда қызмет көлемінің 2 есе артуына байланысты.
Қ.Бозымбаевтың айтуынша, сондай-ақ 2004-жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстаннан электр қуатын транзитті тасымалдау құнын төлеу жөніндегі келісім күшіне енді. Бұл келісім-шарты бойнша транзит көлемі 2,3 млрд. кВт/сағ құрайды.
Жалпы алғанда республика бойынша 2004-жылғы электр қуатын тұтыну ауқымы 64,7 млрд. кВт/сағ құрады. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 4,5 процент артық. 2003-жылғымен салыстырғанда электр қуатын экспорттау көлемі 30 процент артты. Экспорт пен импорттың оң сальдосы 2 млрд. кВт/сағ болып, 2003-жылғы деңгейден 18 процент артты.
Қ. Бозымбаевтың айтуынша, былтырғы жыл басындағымен салыстырғанда компания активтері 7,6 млрд. теңгеге артып, 2004-жылдың 30-қарашасындағы жағдаймен 94,5 млрд. теңге болды. Компанияның жеке капиталы 75 млрд. теңгені құрады. Жыл басындағымен салыстырғанда өсім 2 млрд. теңгеге жетті. Биыл негізгі қызмет түрінен табатын пайда көлемі 17,1 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде, бұл 2003-жылғы деңгейден 8,7% артық.
Алдын-ала бағалауға сәйкес 2004-жылы компанияның таза пайдасы 1,1 млрд. теңгеден асады.