Жарияланды: 290

Кэтрин Эштон Ислам Каримовпен кездесті

Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келген Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон кеше, сәрсенбіде Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен және сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесті.

Кэтрин Эштон жүздесуде Өзбекстандағы адам құқықтары жағдайын да талқылады. Бұған дейін ол Бішкекте болып, Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен жүздескен еді, деп хабарлайды «Азаттық». ЕО жоғарғы комиссары жұма күні Қазақстанға келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін