Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.
«Зейнет жасына жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің автоматты (өтінішсіз) тәртібін белгілеу жоспарланып отыр», — деп жазылған хабарламада.
Құжаттың толық мәтінімен агенттіктің интернет ресурсында танысуға болады.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – жеке және заңды тұлғалардың БЖЗҚ-ға дербес, өз еркімен төлейтін ақшасы. Жеке және заңды тұлғалар ЕЗЖ-ны өз бетінше енгізе алады.