"Кейбір есалаңдар есімдерін өзгертіп, жаңалық ашты: Айгүл Елшібаева дін мен дәстүрдің бет жыртысуы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кейбір есалаңдар есімдерін өзгертіп, жаңалық ашты: Айгүл Елшібаева дін мен дәстүрдің бет жыртысуы туралы айтты

"Кейбір есалаңдар есімдерін өзгертіп, жаңалық ашты: Айгүл Елшібаева дін мен дәстүрдің бет жыртысуы туралы айтты

Танымал дәстүрлі әнші, термеші, “Дарын” сыйлығының иегері Айгүл Елшібаева қоғамда дәстүрлі емес діндердің жайлағанын айтып дабыл қақты. Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, діннің кең етек алып, салт-дәстүрден ажырап бара жатқанын еске салды.

  • 7 Желтоқсан 2023
  • 4298
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы і хабарлайды.

Өнер иесі қоғамдағы келеңсіз оқиғаларға өткір пікір білдіріп жүр.

“Уахап-салафиттер келгелі дәстүріміз бен салтымызға жаңа сөздер қосылды. “Ассалаумағалейкүм” деп амандасатын қазақ, Ассаламуалейкум деп арабша амандасатын болды. Хиджап, ақиқа, махыр, хадия сөздерін енгізді. Қазақы есімдері-Әзіретәлі, Мұхамбетәлі-Азретали, Мухаммадали болды. Бәтима-Фатима, Қадиша-Хадиша болды. Кейбір есеалаңдар өз аттарын өзгертіп мені Айша, Хадиша деңдер деп жаңалық ашты. Қазақтың салт-дәстүріндегі қазақтың шілдехана, орамал жаулық, сыйлық деген сөздерін туғалы естімегендей, “гламурный” уахап-салафиттендіруге ат салысқан қазақтар хиджап, ақиқа, махыр, хадия деп, желіде туғалы тілін-дәстүрін сақтаған қазақтармен, қалайда арабтың салт- дәстүрін енгізуге ат салысып желіде бет жұлысты. Бұл желідегі ең алғаш шайқас, 2010 жылы фейсбук желісінде айқын көрінді.

Алла тағала біздің ұлттты қазақ қылып жаратқасын, сан ғасырлық тарихы бар, біз қазақ деген мұсылманбыз елміз. Дініміз – Ислам, Тлімізде – Кәлима, Жүрегімізде – иман. Жүзіміз Қағбаға қараған мұсылман қазақ өз ұлтыңның тілін, салт-дәстүрін бағала. Ол қазақтан басқа ешқандай ұлтқа қажеті жоқ.

Құранда Алла тағала: “Сендерді ұлт пен ұлысқа бөлдік” деген. Ендеше өз ұлтыңның қадір-қасиеті тіілінен, салт-дәстүрінен, тарихынан жырынан, әнінен, күйінен, шежіресінен, әдебиетінен табасың”, – деп жазды әнші.