Кейбір облыстар аумағындағы республикалық жолдар әлі де жабық
![]() |
Аязға байланысты кейбір өңірлердегі республикалық жолдар әлі де ашылған жоқ. |
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, кеше сағат 18:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Ал Қарағанды облысы бойынша кеше сағат 15:00-дeн бастап Павлодар облысындағы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Қызылорда-Павлодар" жолының 1069-1135 шақырымындағы "Молодежный-Павлодар облысы шекарасы" аралығында қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.
Бұдан бөлек, кеше кешқұрым ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды. Бүгін сағат 07:00- ден бастап бұл жол ашылды.
Онымен қатар кеше сағат 18:30-дан бастап "Омбы-Майқапшағай" жолының 587-733 шақырымындағы "Павлодар обл. шекарасы-Семей қаласы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Алматы облысы бойынша кеше "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" учаскесінде қоғамдық дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды. Бұл жол бүгін таңертеңгі сағат 7-ден бастап қайта ашылды.
Ақмола облысында кеше кешқұрым ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ақмола облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктің түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін