"Кейбір қалаларды жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған шаралар жоспарын бекіту туралы" үкімет қаулысына қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кейбір қалаларды жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған шаралар жоспарын бекіту туралы" үкімет қаулысына қол қойылды

"Кейбір қалаларды жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған шаралар жоспарын бекіту туралы" үкімет қаулысына қол қойылды

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов "Кейбір қалаларды жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған шаралар жоспарын бекіту туралы" үкімет қаулысына қол қойды,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 7 Қазан 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, тиісті облыс басшыларына тұрғын үй қорын оңтайландыру және Арқалық, Жаңатас, Қаратау және Кентау қалаларының тұрғындарын қала аумағында көшіріп орналастыру шараларына қажетті қаржы көзін табу туралы тапсырма берілді. Жоспар бойынша тұрғындарды көшіріп орналастыруға қолайлы тұрғын үйлерді айқындау үшін қаланың қолайсыз аудандарында орналасқан тұрғын үй қорын тізімге алу шарасын жүзеге асыру қарастырылуда. Сондай-ақ, Кентау қаласы мен Жамбыл облысы әкімдеріне қала және облыс халқына төленетін тұрғын үй жәрдемақысының төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру міндеті жүктелді.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес, коммуналдық меншіктегі жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарға отын сатып алу мақсатына мемлекеттік бюджеттен субсидия бөлуді дәйектейтін құқықтық-нормативтік құжат жобасы 2003-жылдың қазан айының ортасына дейін жасалып бітуі тиіс.
ҚР индустрия және сауда министрлігі мен әділет министрлігіне 2004-жылдың 1-тоқсанына дейін қырсыз меншік иелерінің меншігін тәркілеп алу тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Бұл қаулының орындалуын қадағалау міндеті вице-премьер Сауат Мыңбаевқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар