Кейбір спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрамаларын таяу уақыттарда шетелдік мамандар басқаруы мүмкін - спорт істері жөніндегі комитет төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейбір спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрамаларын таяу уақыттарда шетелдік мамандар басқаруы мүмкін - спорт істері жөніндегі комитет төрағасы

Кейбір спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрамаларын таяу уақыттарда шетелдік мамандар басқаруы мүмкін - спорт істері жөніндегі комитет төрағасы

Кейбір спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрамаларын таяу уақыттарда шетелдік мамандар басқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 12-қарашада Елордасындағы Олимпиадаға дайындық орталығының жаттықтырушылары кеңесінің мәжілісі барысында ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт істері жөніндегі комитетінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қараша 2004
  • 698
Фото - Caravan.kz

Бүгінде елімізде кейбір спорт түрлерінен біз қалағандай деңгейдегі жаттықтырушылар жоқ, деді Д.Тұрлыханов. Оның айтуынша, осындай жағдай Қазақстанның ұлттық құрамаларымен жұмыс істеу мүмкіндігі туралы шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізуге түрткі болды. Атап айтқанда, қазір «байдарка және каноэ қайықтарындағы ескекшілік бойынша маманданған екі ресейлік жаттықтырушымен келіссөздер жүргізілуде». «Бұлар ҚХР Ұлттық құрамасын ескекшілік саласы бойынша Азиядағы жетекші орынға алып шыққан нағыз майталман мамандар»,- деді комитет төрағасы.

Сонымен бірге бүгінде мекеме садақ ату және таэквондо сынды олимпиадалық спорт түрлері бойынша Оңтүстік Кореялық жаттықтырушылармен және «ауыр атлетика бойынша Түрік құрамасымен жұмыс істеу арқылы үш бірдей олимпиада чемпиондарын дайындап шыққан Болгар жаттықтырушысымен» келіссөздер жүргізілуде. Д.Тұрлыханов өзінің «бұл адамдарды ұлттық құрамалармен жұмыс істеуге шақыру жөнінде үкімет басшысының рұқсатын алғанын» хабарлады.
Спорт істері жөніндегі комитет төрағасы сондай-ақ ұлттық құрамаларға шетелдік мамандардың келуі «Қазақстанға өз жаттықтырушы-мамандарын дайындауға мүмкіндік береді» дегенге сенім білдірді.