Жарияланды: 290

Кейбір заңнамалық актілерге терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымға шығару ұсынылды

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілетін заң жобаларын қарастырды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымға шығару ұсынылды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті депутаттардың талқылауына «Дербес деректер туралы» Заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымға шығаратын болды. Ал, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымға парламентшілер қарауына Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті шығарады. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымға ұсынып отыр. Сонымен бірге күнтәртібіне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінен қосылып отыр. Сондай-ақ, Палата алдында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары бойынша Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау мәселесі тұр. Бюро бүгінгі отырысында «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі және перспективалары туралы» тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу туралы және депутаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге сапарға шығуы туралы мәселелер де қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін