Кейінгі жылдары шетелдік компаниялар Қазақстан экономикасына 40 млрд. теңгенің шығынын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейінгі жылдары шетелдік компаниялар Қазақстан экономикасына 40 млрд. теңгенің шығынын келтірді

Кейінгі жылдары шетелдік компаниялар Қазақстан экономикасына 40 млрд. теңгенің шығынын келтірді

АЛМАТЫ. 9-маусым. Kazakhstan Today. Шетелдік компаниялардың заң бұзушылығы салдарынан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасы 40 млрд. теңгенің шығынына ұшырады. Бұл туралы ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев бүгін Алматыда президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 15-жалпы мәжілісінде мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Маусым 2006
  • 517
Фото - Caravan.kz

“Салық төлеуден жалтару салдарынан келген шығын көлемі тұтастай алғанда 24 млрд. теңгені құрады. Сонымен бірге компаниялар 103,8 млрд. теңге көлемінде монополиялық пайда тапқан”,- деді агенттік төрағасы.

Сарыбай Қалмырзаевтың айтынша, қазіргі жағдаймен шетелдік инвесторлар трансферттік баға белгілеуді қолдануға байланысты бірқатар мәселелерді шешпей отыр. “Инвесторлар түрлі қитұрқы тәсілдерді қолдануда. Мәселен, экспорттаушы кәсіпорын оффшорлық аймақта тіркелген, өздерімен аффилиирлік байланыстағы компаниямен шикізат сату туралы келісім-шартына қол қояды. Өзара келісім бойынша тараптар әлемдік деңгейдегі бағадан арзан баға белгіленеді. Салық міндеттемелері де соның негізінде есептеліп декларацияланады. Осыдан кейін тауар сатылып, пайда шетелдік банктердегі есепшоттарда жинақталады”,- деді ол.

“Тек 2001-2003-жылдар аралығында трансферттік бағаларды пайдалану мәселесіне қатысты заңнаманың орындалуына қатысты” салық тексерулерінің нәтижесінде шетелдік компаниялардың кірісі 15,5 млрд. теңгеге арттыра түзетілді”, деді агенттік төрағасы.

Осы мәселені талқылаудан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке трансферттік бағаны белгілеуге тексеру жүргізуді тапсырды.

Перейти к новостям спорта