Ресейде талай жыл сақталған Кейкі батырдың сүйегін екі аптаның ішінде Қазақстанға қайтаратын болды, -деп хабарлайды 24 Хабар. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі мен Ресейдің мәдениет министрі арасындағы кездесу барысында мәлім болды.
Қазақстандық тарихшылар Петербордағы мұражайда Кейкі батырдың сүйегімен бірге оның кем дегенде тағы жеті үзеңгілесінің сүйектері сақталғанын анықтапты, кейінірек олардың барлығын да Қазақстанға қайтару көзделуде.
Бірақ алдымен ол сүйектің Кейкі батырдың сүйегі екенін анықтап алу қажет екен. Бұл іспен венгриялық мамандар айналыспақ.