Кейкі батырдың бас сүйегі қалпына келтіру үшін Будапештке жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейкі батырдың бас сүйегі қалпына келтіру үшін Будапештке жеткізілді

Кейкі батырдың бас сүйегі қалпына келтіру үшін Будапештке жеткізілді

13 қазан күні Қазақстан Республикасы елшілігінің көмегімен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

&nb

  • 14 Қазан 2016
  • 607
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбақ Рүстемов Фейсбукте хабарлап отыр. 

«Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай Венгрия музейінің бас директоры Золтан Коршошқа ДНК сараптамасын жүргізіп, қалпына келтіру үшін Кейкі батырдың бас сүйегін тапсырды. Музейдің антропологиялық бөліміне жетекшілік ететін Агнеш Куштар  Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын өз басшылығына алды»,-деп хабарлаған елші Н.Рүстемов.

Кездесу барысында Н.Әлімбай мажарлық ғылымдарға  1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына тойтарыс берген Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жыл өткен соң Отанына қайтарылғанын және де батырдың бас сүйегін қалпына келтіру Қазақстан үшін тарихи оқиға екенін атап өткен.

Будапештегі музейдің бас директоры Золтан Коршош болса, осындай тарихи міндетті сеніп тапсырған қазақстандықтарға алғыс айтып, мажарлық ғалымдар соңғы технологиялардың арқасында сапалы жұмыс атқаратынына сендірді.


«Айта кету керек, Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейіне биыл 214 жыл толды. Музей ішінде 10 миллионға жуық экспонат бар. Ал антропологиялық бөлім 70 рет адамның бас сүйегін қалпына келтіретін тәсілмен жұмыс істеген, соның ішінде Әбілхайыр ханның да бас сүйегін қалпына келтірген»,-деп хабалады елші.

#Кейкі батыр #қазақстан және мажарстан