Кейкі батырдың сүйегі келесі жылдың жазында жерленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейкі батырдың сүйегі келесі жылдың жазында жерленеді

Кейкі батырдың сүйегі келесі жылдың жазында жерленеді

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры – Кейкі батырдың сүйегі

  • 1 Қараша 2016
  • 799
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры – Кейкі батырдың сүйегін жерлеу мәселелері жөнінде кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Вице-премьер тұтас бір ұлттың намысын арқалаған ақберен қолбасшы Кейкі батырдың бас сүйегінің елге қайтарылуы елдігіміз бен ерлігімізді паш еткен игілікті іс екенін баса айтты. Батырдың аты мен ерлігін барынша дәріптеп, оның денесін салт-дәстүрімізбен арулап жерлеу қабырғалы халық, іргелі ел екендігіміздің көрінісі. Сондықтан Иманғали Тасмағамбетов Кейкі батырдың денесін жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын құру маңызды екенін атады.

«Біз бүгін тағы да бас қосып, қазақтың көзмерген батыры Кейкі батырдың денесі көмілген орынды іздеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін археологтар мен ғылыми қызметкерлер тобын құру мәселесін талқылап отырмыз. Тарихи тұлғаларымыздың атын дәріптеу және олардың мұрасын сақтау еліміздің абырой-беделін арттырып, ұлттық рухымызды өсіреді. Бұл ретте, алда жоспарланған іс-шараларды мұқият пысықтап, осынау тарихи маңызы зор келелі іске бір кісідей жұмыла кірісуіміз керек» – деді Иманғали Тасмағамбетов.

Үкімет басшысының орынбасары толыққанды әрі сапалы зерттеу жүргізу үшін біршама уақыт керек екенін айтты. Сондықтан шығармашылық зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар және батыр ұрпақтарының пікірін ескере келе, батырдың денесі көмілген орынды іздестіру, оны анықтау және жерлеу рәсіміне дайындықты келесі жылғы жаздың соңына дейін жүргізу қажет деп шешті.


Кеңес барысында Иманғали Тасмағамбетов Мәдениет және спорт министрлігіне Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп Кейкі батырдың кесенесін жобалау және одан әрі құрылысын жүргізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, 6 қазан күні Кейкі батырдың бас сүйегі Ресейден Қазақстанға жеткізілді. Ол 93 жыл бойы Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада сақталып келді. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Мажарстанның жаратылыстану ғылымдары музейінің мамандарымен бірлесіп Кейкі батырдың бас сүйегіне антропологиялық сараптама жасауда. Оның аясында батырдың келбеті қалпына келтіріліп, заманауи технологияны қолдану арқылы ДНК сараптамасы жүргізіледі.