Ойынның 38-і минутында соғылған жалғыз голдың авторы Мәскеудің ЦСКА командасында жартылай қорғаушы болып өнер көрсететін — Кейсуке Хонда. Осы жеңісінің арқасында жапондықтар 3 ұпаймен Е тобында екінші сатыда тұр. Бұл ОАР-да алғашқы жеңістеріне жеткен екінші азиялық мемлекет. Бұған дейін маусымның 12-інде Оңтүстік Корея ұлттық құрамасы Грекияның 2:0 есебімен ұтқан болатын.