Кекушинкай каратэ-додан ХІІ ашық Азия чемпионатында қазақстандықтар бейресми жалпыкомандалық есепте 1 орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кекушинкай каратэ-додан ХІІ ашық Азия чемпионатында қазақстандықтар бейресми жалпыкомандалық есепте 1 орын алды

Кекушинкай каратэ-додан ХІІ ашық Азия чемпионатында қазақстандықтар бейресми жалпыкомандалық есепте 1 орын алды

Кекушинкай каратэ-додан қазанның 16-сы күні Астанада өткен ХІІ ашық Азия чемпионатында қазақстандықтар 5 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдеге ие болды. Бәсекеге 9 елден 70-ке жуық спортшы қатысты. Онда ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасындағы бұл дүбірлі додада ел намысын 35 спортшы қорғаған болатын.

  • 18 Қазан 2010
  • 552
Фото - Caravan.kz



Әйелдер арасында 60 келіден жоғары салмақта қазақстандықтар қарсылас шақ келтірмеді. Онда жүлделі 1-3-ші орынды Наргиз Кенжебек, Эльвира Абылғазина, Назгүл Малынбаева өзара бөлісті. Ақтық сында жапондық Самами Шимаданың осал тұсын таба алмаған Гүлсанат Самғалиева (60 кг) күміс жүлдегер атанды. Ерлер арасындағы сайыста 75 келіден жоғары салмақта жапондық Кенгора Угидоға есе жіберген Азамат Төкенов пен Аслан Мұстафин 2-3-ші орынды өзара бөлісті. Ал 75 келі салмақта жапондық спортшылар Масанаго Накомура, Ютта Савомуро мен Юкки Инаоки жүлделі орындарды өзара сарапқа салды. Оның есесін жасөспірімдер толықтырды. Олар ел қоржынына 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде салды. Онда Данияр Елеусінов (55 кг), Наурызхан Қорқыт (60 кг), Аян Бексейітов (65 кг) пен Василий Купренович (+65 кг) Азия чемпионы атанды. Исламбек Жұмабек (55 кг), Мәулен Шаймин (60 кг), Нұрзада Тұрабаев (+65 кг) күміс, ал Сабырбек Қожахметов (60 кг) пен Аслан Садуақасов ( 65 кг) қола жүлдегер болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера