Бұл туралы өнер иесі Ғаділбек Жанай өз парақшасында бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Сондай бір жақсы хабар естіп жатырмыз "шықты" деген. Шығып жатсаң, хабарлас, кел. Астанаға соқ. Әндеріңді шығарайық. Біраз ән жазып тастапсың түрмеде отырып. Көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбекке жаз", деген ол.
Еске салайық, 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде қарша борататын былапыт сөздерімен танымал. Жазасын өтеп жүргенінде "Енді ешқашан балағаттамаймын" деп сұхбат берген еді.
Желіде тараған видеолардан бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдәні құрметпен қарсы алған жұрттың қарасы қалың болғанын аңғаруға болады.