Келер жылы кәрі қыздар мен сүрбойдақтар қатары азаяды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келер жылы кәрі қыздар мен сүрбойдақтар қатары азаяды

Келер жылы кәрі қыздар мен сүрбойдақтар қатары азаяды

Нумерологтардың болжамынша, 2019 – отбасы жылы болмақ.

  • 26 Желтоқсан 2018
  • 74
Фото - Caravan.kz

Яғни, көптен бері өз бақытын таппаған бойдақ қыз-жігіттерге доңыз жылы отау құру үшін таптырмас уақыт. Бірақ, ол үшін арнайы талаптар орындалуы шарт. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

2019 жылы Сіз болашақ жарыңызды жолықтырып, шаңырақ көтеруіңіз әбден мүмкін. Танымал нумерологтардың болжамына сәйкес, келер доңыз жылы отбасылы болуыңызға жол ашпақ.

«2019 жыл жеке өмірдегі өзгерістер үшін өте жақсы. Егер сіз тұрмыс құрмасаңыз немесе әлі үйленбеген болсаңыз келер жылы өмірлік жарыңызды кездестіруге үлкен мүмкіндігіңіз бар. Ең қызығы, той өте шулы, көңілді болу керек. Сонда сіздің некеңіз бақытты, берекелі әрі берік болады. Ал отбасыңызда қиындықтар кездеспейді», — дейді нумеролог Клара Күзденбаева.

Астролог мамандар да нумеррологтың айтқан пайымымен толықтай келіседі. 2019 жыл жалпы Қазақстан үшін сәтті болмақ.

«Иә 2019 жыл 2018 қарағанда әлде қайда құтты жыл болмақ! Атап айтқанда, доңыз жылы жеңілдеу өтеді. Мәселен Қазақстан астрология бойынша мерген жылы тәуелсіздігін алдық десек, яғни биылғы жыл сәттілік алып келеді деген сөз. Оның ішінде елімізде жаңа реформалар, жаңа бастамалар қолға алынады», — дейді психолог Ботагөз Нұрғали.

Өкінішке қарай бүгінде оң босағада отырып қалған қыздардың саны 700 мыңға дейін жетіп отыр. Осыған қатысты мамандар тіпті "Кәрі қыз синдромы" терминін енгізіп, оның түрлі себептерін зерттеп көрсеткен. Ал сұрбойдақ жігіттердің қатары аруларға қарағанда 2 есе аз екен. Сондықтан, "бұрымдылар көп созбай, тұрмысқа шығу керек" дейді сарапшылар.


«Сол болжамға қатты сеніп, нақты сол жылы тұрмысқа шыға алмаған болса, бұл да бір адамның іштей, сыртқа көрсетпесе де, іштей бір күйзеліске әкеп соқтырады. Әр нәрсенің екі жағы болады. Бір жағынан ол қыз-келіншектерімізге пайдалы болуы мүмкін. Бір жағынан керісінше кері әсерін әкелуі мүмкін», — дейді психолог Айым Әбдірова.