Біз осы мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік торабына айналуға тиіспіз. Біздің еліміз осы саладағы ірі жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Атап айтқанда, Ақтауда контейнерлік хаб құрылуда. Транскаспий дәлізі дамып келеді.
Бұл жұмыстарға үздік әлемдік логистикалық компаниялар тартылды. "Қазақстан темір жолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық Корпорация болып қайта құрылады"