Бұл туралы бүгін тиісті заң жобасын талқылау барысында белгілі болды. Сондай-ақ құжатты таныстырған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, екінші деңгейлі банктер төлем аудармасын жасамас бұрын алынатын комиссияның құнын көрсетуге міндеттеледі. Ал егер азаматтың берешегі болса, оның банктегі есепшотынан əлеуметтік, тұрғын үй төлемдері мен жәрдемақы қаражаттарын өндіріп алуға тыйым салынады.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
— Біз азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қорғауды қарастырып отырмыз. Үшінші тұлғалардың талабы бойынша олардың шоттарындағы қаржыға қол сұға алмайды. Бұны біз заң шеңберінде бекіттік. Құжат бүгін бірінші оқылымда қолдау тапты.